ШЫМКЕНТТЕ “ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР” ФОРУМЫ ӨТТІ

0
Өңірде алғаш рет Қазақстан халқының Ассамблеясы құрылды. Осы бастаманы жүзеге асыру мақсатында М.Әуезов атындағы ОҚУ-нде «ЖАҢА БЕЛЕСТЕГІ ЖАСТАР» атты форум өтті. Форумға Университеттегі өзге этнос профессор-оқытушылар құрамы және студент жастар қатысты. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында берген тапсырмасына орай ұйымдастырылған форумға, еліміздің өзге де өңірлерінен жастар жиналған. Мемлекетімізде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету үшін жастардың белсенділігі мен өнерпаздығын дамыту мақсатында құрылған Студенттік Қазақстан Ассамблеясы алдағы уақытта құрамын кеңейте бермек.
— Қазақстан халқы Ассамблеясы – еліміздегі этносаралық келісімді нығайтудың бірегей институты. Біздің оқу орнымыз Ассамблеяның идеяларын қолдай отырып, білім алушылар арасында достық, толеранттылық және өзара құрмет мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударып келеді. Қазіргі таңда оқу орнымызда 400-дей өзге этнос профессор-оқытушылар қызмет етеді. 2000-ға жуық білім алушыларымыз бар. Осындай үлкен білім ордасының көпэтностылығы жағдайына ұйымдастырушылық қызмет көрсету үшін арнайы «Тұлға дамыту және Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы жұмыс жасауда. Орталық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедраларының «Шаңырақ» атты қауымдастығына мүшелік етеді. Ал жаңадан құрылғалы отырған Студенттік Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің қоғамның саналуандылығын құрметтеуге, бірлігімзді арттыруға және өзара түсіністікті тереңдетуге мүмкіндік береді — деді М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма мүшесі-Қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректор Садыбек Бейсенбаев.
Отырыста этнос аралық қатынастар арасында жүргізіліп жатқан мемлекеттік, саяси
бағыттар мен студенттік ассамблеяның міндеттері нақтыланды. Бұл маңызды бастама әртүрлі ұлт өкілдерін жақындастырып, ортақ құндылықтарымызды насихаттауға ерекше үлес қосады.

ПІКІР ЖАЗУ