ТҮРКІСТАН: «ОРДА» ПОЛИГОНЫНДА ҚАРУЛЫ КҮШТЕР ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАУДА

0
Басқару органдарының, құрамалар мен бөлімдердің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес арнайы операциялар күштері әскери бөлімінің қызметшілері Түркістан облысындағы «Орда» таулы оқу полигонында тәжірибелік сабақтарға кірісті. Барлық сабақтар әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіліп, функционалдық міндеттерді, сеніп тапсырылған штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді қолдану тәртібін зерделеуге бағытталған.
«Орда» полигоны – күрделі жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін қажетті дағдыларды пысықтау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынатын заманауи оқу орталығы. Елдің әскери элитасы саналатын бөлімнің әскери қызметшілері әртүрлі салаларда өз дағдыларын осы полигонда жетілдіруде. Дайындықтың негізгі бағыттары – қару-жарақты иелену, таулы даярлық, автомобиль және бронды танк техникасын басқару, радиотехникалық барлау жүргізу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану және оларға қарсы күрес жүргізу.
Полигондағы практикалық дайындық таулы маршруттардан өтуге үйретуді, альпинистік жабдықты пайдалануды, сондай-ақ жету қиын жерлерде зардап шеккендерді эвакуациялауды пысықтауды қамтиды. Сарбаздар биіктікте және бағдарлау қиын орындарда атысу, су тосқауылдарын еңсеру және ұзақ қашықтыққа марш жасау сияқты практикалық жаттығуларды орындап, өз машықтарын жетілдіруде.
Практикалық сабақтар барысында штаттық қару-жарақ пен әскери техниканың материалдық бөлігін, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану тәртібін зерттеуге ерекше назар аударылады. Барлық сабақтар жауынгерлік даярлық талаптарына сәйкес жүргізіледі, бұл алған білімнің әскери қызметшілердің алдында тұрған нақты міндеттерге жоғары дәрежеде орындауын қамтамасыз етеді.
Оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін дайындық аяқталғаннан кейін жеке құраммен бақылау сабақтары өткізіледі. Бұл сынақтар әскери қызметкерлердің теориялық білімін, практикалық дағдыларын және жауынгерлік жағдайға мүмкіндігінше жақын жағдайда тиімді жұмыс істеу қабілетін тексеріп қана қоймай, шеберліктерін шыңдайды.

ПІКІР ЖАЗУ