ПОЛИЦИЯ МЕН ПРОКУРАТУРАНЫҢ БІРЛЕСКЕН ШАРАЛАРЫ: ҚОРҒАУ НҰСҚАМАСЫН БҰЗҒАН 363 АДАМ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
Ағымдағы жылдың 11 айында отбасындағы құқық бұзушылықтар бойынша 5600 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2023 жылы – 2360 тұлға), бұл Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 73-бабы («Отбасы тұрмыстық құқыққа қарсы іс-әрекеттер») негізінде жүзеге асырылды. Құқық бұзушылықтардың салдарынан жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция 4800 тұлғаға қатысты «қорғау нұсқамасын» шығарды (2023 жылы – 3835 тұлға). Қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 363 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2023 жылы – 182 тұлға).
Биыл отбасы тұрмыстық қарым-қатынастарында жасалған қылмыстар саны 32-ден 146-ға дейін артты. Бұл өзгерістер 2024 жылдың 15 маусымында күшіне енген жаңа заңнаманың әсерінен болып отыр. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекске әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаңа баптар енгізілді. Осыған сәйкес:
• ҚК 108-1 бабы «денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бойынша 38 қылмыс тіркелді;
• ҚК 109-1 бабы «ұрып-соғу» бойынша 84 қылмыс анықталды.
Прокуратура тарапынан профилактикалық шаралар жалғасуда және отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты құқық бұзушылықтар үнемі бақылауда.