ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Күн тәртібі аясында әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша міндеттердің іске асырылу барысы қаралды. Қала әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқарма басшылары қазіргі көрсеткіштер мен қабылданып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады.
Жауапты тұлғаларға экономиканың тұрақты өсімін қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды кеңейту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және денсаулық сақтау саласын жүйелі жаңғырту жөніндегі белгіленген міндеттерді уақтылы әрі нәтижелі орындау тапсырылды. Ұзақ мерзімді басымдықтар ретінде салаларды кешенді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу айқындалды.
Кеңесті қорытындылаған қала әкімі жүргізіліп жатқан жұмыстың тиімділігінің басты көрсеткіші – халық табысының өсуі мен өмір сапасының артуы екенін атап өтті. Барлық тапсырманың орындалуы тұрақты бақылауда болады.

ПІКІР ЖАЗУ