ҚАЗАҚСТАНДА АЛДАҒЫ ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?

0

Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болатыны айтылды.

Демалыс күндері Қазақстан бойынша синоптикалық жағдай орталығы Скандинавияның солтүстігінде орналасқан Атлантикалық циклонға байланысты болады. Елдің басым бөлігінде бұлт басып, әр түрлі фазаларда жауын-шашын жауады, екпінді жел соғады, көктайғақ болады.

Тек оңтүстік өңірлер әлі де антициклонның қорғауында, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады. Атлант циклоны республиканың барлық дерлік аумағында температураның біртіндеп көтерілуіне себепші болады.


ПІКІР ЖАЗУ