ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ 83 ЕЛДЕ БАНКТІК ШОТЫ БАР

0

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Дина Құсайынова декларация тапсырған жеке тұлғаның 83 елдегі шетел банктерінде шоттары бар екенін айтты. 

Банктік шоттар көбіне Ресей Федерациясында, АҚШ-та және Түркияда ашылыпты.

Сондай-ақ:

— 71 елде 2 976 жеке тұлға 3 959 жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Ең көбі: Ресейде, Түркияда және Болгарияда;

— 67 елде 1 421 жеке тұлғада 1 657 көлік бар. Ең көбі: Ресейде, Арменияда және Жапонияда;

— 21 елде 93 жеке тұлғаның 161 зияткерлік меншік нысаны бар.

Дегенмен, ведомство қазақстандықтардың өз активтерін дұрыс көрсете бермейтінін де еске салды.

«Кейбір азаматтар қателесуі де мүмкін. Мәселен, Жапонияда өндірілген мүлікті сол елде деп көрсетуі ғажап емес. Бұл жерде, сірә, дұрыс түсінбей, қате толтырып қойған шығар», — деді Д.Құсайынова.


ПІКІР ЖАЗУ