ҚАЛА МЕН АУДАН ӘКІМДЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫМЕН ЖИЫН ӨТТІ

0

Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары — адамдардың өмірін, денсаулығын, қоршаған ортаны және мүлікті қорғау үшін қолданылатын ұйымдастырушылық және техникилық шаралар жиынтығы. Төтенше жағдай техногенді және антропогенді сипатта болуы мүмкін. Олардың алдын алу шаралары бірнеше бағыта жүргізіледі. Жер сілкінісіне дайындық. Сейсмологиялық аймақтарда сейсмикалық қауіпсіздік ережелерін сақтау, ғимараттарды сейсмикалық төзімділікпен салу, тұрғындарды қауіпсіздік шараларын білуге ​​үйрету. Су тасқынына дайындық. Су бөгеттерін нығайту, су тасқыны қаупі бар аймақтарды алдын ала тексеру, эвакуация жоспарларын дайындау. Өрттің алдын алу. Орман өрттерін болдырмау үшін өртке қауіпті аймақтарда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету. Төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыру мен оларды тұрақты өткізу — тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, үлкен шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Осы орайда, Түркістан облысында төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жұмыстар күшейтілген. Дайындық жұмыстары облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында. Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі кезекті комиссия отырыс өтті. Жиынға комиссия мүшелері және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Жауапты сала басшылары мен орынбасарлары 2024-2025 жылдары қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық, жылыту маусымына дайындық шаралары, күз-көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы баяндап, өзекті мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Ыстық нүктелердегі» өзекті мәселелер ортаға салынып, шешу жолдары қарастырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өткен жылы орын алған кемшіліктер бойынша жұмыстарды күшейтуді, өңірдің су тасқыны мен қар басу қауіпі бар елді мекендердегі жұмыстарға аса мән беруді тапсырды. «Келесі жылдан бастап талапты күшейтеміз. Төтенше жағдай орын алған аймақтардың басшыларына қатаң шара қолданылады. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қатаң қадағалауда ұстауларыңыз қажет. Шалғай аудандар мен су тасқыны болуы және қар басуы ықтимал аумақтардағы жұмыстарды күшейтіңіздер. Қажетті техникалар мен материалдар жеткілікті болуы керек. Атқарылып жатқан жұмыстардың барысын басына барып, бақылаймыз» деді Зұлпыхар Жолдасов.   Алдағы қыс мезгілінде орын алу мүмкін төтенше жағдайларға қарсы атқарылып жатқан дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Асқар Төлешев баяндады. Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс аумағында қар басатын жалпы 22 аумақ анықталған. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында – 6, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында – 16. Қар басатын жол учаскелерінің жалпы ұзындығы 404,4 шақырымды құрайды. Облыстық маңызы бар жолдарда 9 шақырым қар ұстағыш қалқандар бар. Қар құрсауында және күрделі метеожағдайларда зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 11 жылыту пункті есепке алынған. Өңірдегі автомобиль жолдарына қысқы маусымда қызмет көрсететін мекемелердің («Оңтүстік жолдары» МКК) мәліметіне сәйкес, жалпы 157 бірлік техника, 591 тонна тұз, 3 400 м3 құм, 140 тонна дизель, 28 тонна бензин, 130 тонна көмір отыны дайындалған. «Оңтүстік жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәліметіне сәйкес, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына  121 бірлік техника,  259 адам дайындыққа келтірілген.  Сондай ақ, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойындағы асуларда 4 жылыту бекеті орналасқан. Атап айтқанда, Бәйдібек ауданында – «Шыбықбел», «Одаманбұлақ» және Созақ ауданында «Ащысай», «Таскөмірсай» жылыту бекеттері дайын тұр.  Бұл жылыту бекеттері 70 тонна көмір отынымен қамтамасыз ету жоспарлануда және тәулік бойына кезекші ұйымдастырылған. Төсек-орынмен қамтамасыз етілген жылыту бекеттерінде бір мезгілде 40 адамды қабылдауға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдайлар табиғи және техногендік сипатта орын алады. Табиғи апаттардан су тасқыны, жер сілкінісі, орман және дала өрттері жиі кездеседі. Техногендик апаттарға өндірістік авариялар, көлік оқиғалары және қауіпті заттардың таралуы жатады. 2024 жылдың көктемінде Қазақстанның 10 облысында су тасқыны болып, төтенше жағдай жарияланды. Бұл аймақтарда мыңдаған тұрғын үйлер су астында қалып, көптеген адамдар эвакуацияланды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтары сейсмикалық қауіпті өңірлерге жатады. Мысалы, Алматы қаласы мен маңайы жер селкінісі қаупі жоғары аймақ болып табылады. Орман және дал өрттері де елімізде жиі кездеседі. 2023 жылы орман өрттері салдарынан бірнеше адам қаза тауып, үлкен аумақтардағы орман алқаптары жойылды. Өндірістік кәсіпорындарда орын алатын апаттар да төтенше жағдайларға әкелуі мүмкін. Мысалы, 2023 жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының шахтасында болған апат салдарынан бірнеше адам қаза тапты. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлигі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін министрлік табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымыру және жүргізу, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі және одан әрі дамуы, азаматтық қорғау саласындағы салааралық үйлестіру сияқты міндеттерді жүзеге асырады. Қазақстанда төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша кешенді шаралар қабылдануда. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар бірлесіп жұмыс істеп жатыр.


ПІКІР ЖАЗУ