КАТАРДАҒЫ ІРІ ХОЛДИНГ TELE2 ЖӘНЕ ALTEL БАЙЛАНЫС ОПЕРАТОРЛАРЫН САТЫП АЛУЫ МҮМКІН

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Катардың Power International Holding компаниясының иелері Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаятты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында.

Кездесуде экономиканың түрлі секторындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев табысты серіктестік Қазақстан мен Катар арасындағы инвестициялық ынтымақтастықтың қозғаушы күшіне айналғанын атап өтті. Бүгін мемлекеттік сапар аясында бірқатар маңызды инвестициялық келісімдерге қол қойылды. Осы ретте Қатардың Power International Holding компаниясы негізгі қатысушы саналады. Муатаз Әл-Хаят пен Рамез Әл-Хаят президентке Қашағанда газ өңдеу зауыттарын, Қызылорда облысында бу-газ қондырғыларының технологиясына негізделген электр станциясын салу жоспары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ жаңа компрессор станциясын салуға, Бейнеу – Бозой – Шымкент және Ақтөбе – Қостанай газ құбырларын жүргізуге ниет білдірді.

Мемлекет басшысы еліміздің ұзақмерзімді энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бұл жобалардың ерекше маңызға ие екенін айтты. Сондай-ақ Power International Holding компаниясының Қазақстанның телекоммуникация секторына кіру жөніндегі жоспарын құптады. Каzinform мәліметінше, Қазақстанның ірі телекоммуникациялық операторы «Қазақтелеком» өзінің мобильді активтерінің бірі – «Мобайл Телеком-Сервис»ЖШС (Tele2/ALTEL брендтері) Таяу Шығыстың жетекші конгломераты – қатарлық Power International Holding-ке сатуды көздеп отыр. Қағидаттар туралы үш жақты келісімге («Самұрық-Қазына» АҚ) бүгін тараптар Қазақстан президентінің Катар еліне ресми сапары шеңберінде қол қойылды «Келіссөздерді жақында ғана бастадық, әрине, бүгін Power International Holding компаниясымен алдын ала келісімге келдік. Адағы уақытта сату-сатып алудың барлық шартты мен рәсімдерін талқылап, бекіту қажет. Сондықтан нақты сан, мәміле сомасы туралы айтуға әлі ерте. Біз стратегиялық инвестор ретінде Pih сияқты беделді және тұрақты компанияның ниет білдіргеніне ризамыз, себебі ол Қазақстанда танымал компания. Елімізде холдингтің көптеген жобасы бар әрі олар айтарлықтай табысты», — деді «Қазақтелеком»АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев.


ПІКІР ЖАЗУ